Жаңақорған ауданында мүгедектердің құқықтары қорғалды

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жаңақорған ауданында мүгедектердің құқықтары қорғалды - 357804924

         Мүгедектердің құқықтарының қорғалуы мен сақталуы прокуратура органдарымен атқарылатын басым бағыттың бірі.

         Жаңақорған ауданы прокуратурасымен осы бағытта жүргізілген талдаулардың нәтижесінде:

- мүгедек балаларға инклюзивті білім беруге жағдай жасалмайтыны;

- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындардың толық төленбейтіні;

- ересек мүгедектерге арналған гигиеналық заттардың (жөргектердің) техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтіні;

- мүгедектерді тасымалдайтын, инватакси қызметін көрсететін көліктің талапқа сай еместігі анықталды.

Мысалы, аудан көлеміндегі 42 мектептің 3-де ғана логопед маман болса, дефектолог маман мүлдем болмаған.

       Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана 5 дефектолог маманның штатына жергілікті бюджеттен 3 млн., ал кабинеттерін жабдықтауға 25 млн. теңге қаржы бөлінді.

      115 үйден оқытылатын кемтар балалардың заңды өкілдеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуі тиіс болғанымен, барлығына бұл сома ай сайын кем төленген.

    Аудандық прокуратураның араласуынан кейін бұл заң бұзушылық жойылып, тиесілі сома қайта есептеліп, толық төленуі қамтамасыз етілді. 

    Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі келісім-шарт бойынша техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін мүгедектерге арналған гигиеналық заттарды қабылдап алған.

    Бұл жерде де прокуратураның қадағалау актісінен кейін ғана техникалық ерекшеліктерге сәйкес келетін жөргектер алынды.

    Ең бастысы талапқа сай емес автокөлікпен аудан мүгедектерін тасымалдауы алаңдатушылық туғызды.

    Шарттың қосымшасы мен техникалық ерекшелікте мүгедектерді тасымалдауға, отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен немесе кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жабдықталған автокөлік пен диспетчерлік ұйым болуы тиіс екендігі көзделген.

Алайда ауданның 157 мүгедегіне арнайы құралдармен жабдықталмаған ескі «Опель» жеңіл автокөлігімен тасымалдау қызметі көрсетілуде.

Бұл дерек бойынша аудан әкіміне кезек күттірмейтін тәртіпте шаралар қолдану жөнінде ұсыну енгізілді.

 

Жаңақорған ауданының прокуратурасы

 

Жаңақорған ауданында мүгедектердің құқықтары қорғалды - 675876717
Жаңақорған ауданында мүгедектердің құқықтары қорғалды - 334055736

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу