Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді

25 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 1879505861

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шаралар талқыланды.

Қазіргі күні есірткіге сұраныстың азаймауынан жыл сайын сора өсімдіктерін егудің аумақтары кеңейіп, олардың заңсыз айналымы белең алуда. Оның үстіне Сыр өңірі есірткі өсімдігін өсіруге климаты қолайлы аймақ.

Қызылорда облысында дайындалған марихуананың сапасы өте жоғары болғандықтан Еуропа елдерінде, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие. 

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында есірткі егілген жерлердің көлемі 54 гектарға жетсе, есірткі өнімдерін сататын орындарды (притон) анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген.

Жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы көп жағдайда анықталмайды. 

Облыстық полиция департаменті тарапынан дер кезінде жедел іс-шаралар жүргізуге техникалық қызметтің мүмкіндігі талапқа сай емес екендігі айтылды.

Салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдармен есірткіні тасымалдау каналдары, ішкі нарықты және республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтері әшкереленбеуде.

Көтерілген осы мәселелердің негізінде үйлестіру кеңесінде есірткі егу, оны сақтау және өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкере ету жұмыстарын күшейту; облыс аумағы арқылы есірткі тасымалданатын каналдарды анықтап, оны жою шараларын жүзеге асыру тапсырылды.

Отырыста қаралған екінші мәселе - жол көлік қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты. 

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 84-ке немесе 58%-ға көбейген (146).

Оқиға салдарынан 270(169) адам түрлі жарақаттар алып (60% өскен), 44(26) адам қайтыс болған (69% өскен).

Бұл бағытта жұмыс тиімділігін арттырып, жолда қаза болу фактілерін азайту үшін қосымша шаралар қолданып, апатты қауіпті аймақтардың жол картасын жасақтап, жол көлік оқиғасы көп тіркелетін елді мекендерде жылдамдықты бақылайтын камераларды көбейту қажеттігі,уәкілетті органдарға жүктелді.

Сонымен қатар, халықаралық тас жолының бойына қосымша жол белгілерін қою, малдардың өтуіне тосқауыл болу үшін шарбақтарды орнату және жолға жақын ауылдардың малдарын бақылауда ұстау мақсатында бақташы белгілеу тапсырылды.

Кеңесте көтерілген тақырыптар қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған маңызды мәселелер.

Осыған орай, кеңес мүшелері мен қатысушылар тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жан-жақты талқыланып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы ұсыныстар енгізілді.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қордаланған мәселелер бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 349859022
Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 608520832
Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 2054932141
Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 730241050
Жолда қаза болу фактілерін азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді - 585552528

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу