Қызылорда облыстық прокуратура органдарындағы жоғары тұрған басшы лауазымға Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

- Қызылорда облыстық прокуратурасының Басқарма бастығы - Аппарат басшысы, C-OGP-4 санаты, (1 бірлік).

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы «25» қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен (ҚР Бас Прокурорының 22.02.2018ж. №25 бұйрығымен өзгертулер енгізілген) бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің лауазымдары санаттары үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

C-OGP-4 санаты (облыс прокуратурасы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі) бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ішкі конкурсқа қатысуға өтініш;

2. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықтама, қарамағында кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының  қызметкерлері үшін - прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі және орны: ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде, Қызылорда облыстық прокуратурасы, 120001, Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, №1, №205, №206 кабинеттер, кадрлық дамыту тобы, анықтама телефоны (8-7242) 27-43-75, факс: (8-7242) 27-01-72, электронды пошта: 7242380@prokuror.kz.

Көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ мерзімі бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысу туралы өтінішін кері қайтарады.

Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

Кандидат жарияланған лауазым бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратураның тестілеу залында не «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимде қазақ немесе орыс тілдерінде Бас прокуратура не болмаса облыс прокуратурасында өткізеді.

Тестілеу процесі Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы  аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы өткізіледі.

Кандидат осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеуге өзімен бірге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.

Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеу өткізу тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған кезде тиісті түсініктемелер береді.

Тестілеу кезінде қанағаттанарлықсыз көңіл-күйдегі кандидат ол туралы  тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай кандидатты тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні өткізіледі.

Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығып кетуге, басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қабылдаушы, жіберуші электр қондырғыларын (оның ішінде, ұялы телефондарды, қалталық персоналды компьютерлерді және өзге де электрондық жабдықты), қағаз түріндегі жеткізгішті қолдануға жол берілмейді.

Аталған талаптар бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзушылыққа жол берген кандидатты тестілеуге арналған бөлмеден шығарады және ерікті нысанда тисті акті жасайды. Кандидатты тестілеу нәтижелері жойылады.

Тестіні орындауға арналған уақыт 90 минутты (120 сұрақ) құрайды.

Тестіні орындауға берілген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

Тесті бойынша шекті мәндер сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% дұрыс жауабын құрайды.

Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өткізу күні, жұмсалған уақыты, дұрыс жауаптар саны көрсетіле отырып тестілеу нәтижелері беріледі.

Тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.

Әңгімелесуге жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін және компьютерлік тестілеудің оң нәтижелері бар кандидаттар жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурсты жариялаған прокуратура органында оның интернет-ресурсында орналастырылған кестеге сәйкес өтеді.

Әңгімелесу прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы  аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы онлайн өткізілуі мүмкін.

Комиссия әңгімелесу өткізу қорытындылары бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуға;

2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуға.

Кандидаттармен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және техникалық жазу құралдарының (аудио және (немесе) бейне) көмегімен тіркеледі.

Прокуратура органының басшысы не уәкілетті басшысы  комиссия ұсынған кандидатты жарияланған бос лауазымға комиссия отырысы өткен  күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды.

Конкурсқа бір кандидат қатысқан және ол комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда оны тағайындау комиссия отырысы өткен күні жүзеге асырылуы мүмкін.