Азаматтардың құқығы қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетіліп отыр. Олардың арнаулы білім алып, кәсіппен шұғылдануына да мүмкіндіктер жасалған. Дегенмен көңілге кірбін ұялатар кемшіліктер де жоқ емес. Мәселе кімнің кемшілік жібергенінде емес, оны құзырлы органдар талдап, таразылай жатар. Біз үшін басты мәселе-мүмкіндігі  шектеулі жандардың қоғамнан шет қалмауы, яғни олардың құқықтарының қорғалуы. Таяуда редекцияға хабарласқан Ақсу ауылының тұрғыны Сұлтан Қазбек Ермекбайұлы өз өтінішін былайша жеткізді.

Бала жасынан мүмкіндігі шектеулі, бүгінде жасы жиырмаға толған ол мүгедектер арбасын пайдаланады. Жақында оған жаңа арба берілген болатын. «Жаңаның аты жаңағой» деп қуанған Қазбектің қуанышы ұзаққа бармады. Бас аяғы бір аптадан кейін арбасы сынып, іске аспай қалды. Ал кент тұрғыны, төрт жастан асып, бес жасқа қараған Кенжебай Нұрдаулет есімді балдырғанның анасы Назира апай, баласының ауыр науқасқа шалдығып, мүмкіндігі шектеулі балалардың санатына қосылғанын айтады.

Баланың аяқтануы үшін берілетін «Ходунок» деп аталатын жылжымалы орындықты жаңадан алғанымен, ол баланың жас ерекшелігіне сай болмай шыққан.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудандық прокуратура тарапынан нақты шаралар қабылданып, екі азаматтыңда құқықтары қорғалды.

Нәтижесінде Сұлтан Қазбекке жаңа мүгедек арбасы, ал Кенжебай Нұрдаулетке жас ерекшелігіне сай «Ходунок», балаларға арналған арба және қажетті басқада бұйымдары жеткізіліп берілді.

Сондай-ақ, Сұлтан Қазбек жақында аудан әкімі жағдайын сұрап, ноутбук сыйлағанын айтты. Астанадағы елбасының ауруханасында емделгісі келетінін жеткізген Қазбекке қаржылай көмек көрсетілетінінде айтқан еді. Ол аудан басшысына шексіз ризашылығын білдірді.

Аудандық газет арқылы олар аудандық прокуратура ұжымына, құзырлы орган басшысы Хадиша Сағатқызына алғыстарын білдірді.

 

                   «Жалағаш жаршысы» газеті