Қызылорда облысының прокурорлары электр қуатына тарифінің төмендеуіне қол жеткізді

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокурорлары электр энергиясына, жылуға тарифтерді қалыптастырудағы заңдылықтың жай-күйін тексеру аясында Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының 73,5 млн теңге көлемінде  негізсіз табыс алғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде монополистпен уақытша өтемдік тарифі енгізіліп, соның нәтижесінде электр энергиясын беру қызметінің құны кВт/сағатына 4,945-тен 4, 934 теңгеге дейін төмендеді.

Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 164-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу