Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың жолы кесілді

11 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысында соңғы екі жылда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 88 қылмыстық іс тіркеліп, 94 тұлға сотты болып, заңсыз айналымнан 200-ден астам ойын автоматтары тәркіленіп, жойылды.

Келтірілген мәліметтер облыстық прокуратурамен құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмысының нәтижесі болып табылады.

Мысалы, жедел-іздестіру шараларының барысында Қазалы ауданында – 1 және Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын мекемелерінің желісін ашқан қылмыстық топ анықталған.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылып, 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.

Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғасуда.

Бұл жөнінде ақпараттар болған жағдайда азаматтар 8 (7242) 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу