Қызылорда облысында атқарушылық іс жүргізу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды

11 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасында мемлекеттік кірістерді өндіру бойынша проблемалық мәселелерді қарауға арналған алқа кеңесі өтті.

Облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары, аумақтық әділет басқармаларының басшылары, полиция, облыстық жеке сот орындаушыларының облыстық палата және тағы басқалары қатысты.

Баяндамашының айтуынша, жүргізілген тексеріс кезінде мемлекет мүддесіне теріс әсер ететін бұзушылықтар анықталған.

Ағымдағы жылы мемлекеттік кірістерге 8 млрд. теңгеден астам қаражат қайтару туралы 32 мың құжаттан 445 млн. теңге немесе 5,5% ғана құрайтын 14 мың өндіріс орындалған. Бұл - жағдайды жақсарту жөніндегі тиімді шараларды қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Тәркіленген мүліктің шамамен 200 фактісі жоғалған, 5,5 млрд-қа тең 900 астам өндіріс есептен жасырылған, 3 мыңнан астам фактілер негізсіз қайтарылған, өндіріс мұрағатына 4,5 мың факті жіберілмеген.

Мысалы, атқарушылық іс жүргізуді жалған негізде тоқтатудың нәтижесінде шаруашылық бірліктен мемлекет меншігіне 3 жер учаскесін алып қою туралы сот шешімі 2017 жылдан бері орындалмаған.

Прокуратураның наразылығы бойынша сот орындаушының заңсыз шешімі жойылып, 87 млн. теңге сомасындағы жер учаскелері тәркіленіп сатылымға қойылды.

Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлімімен сот орындаушысына қатысты тергеу жүргізілуде (билікті асыра пайдалану бойынша).

Азаматтар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік кірістерге алименттерді, жалақылар мен сомаларды жинау мәселесі облыс прокурорының арнайы бақылауына алынды, оның қорытындылары ай сайынғы мәжілісте талқыланады.

Нұсқаулықтың негізінде деректерді орындау облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу