Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті.

10 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті. - 1113652329

   Арал аудандық прокуратурасымен ықпал ету шараларының нәтижесінде белгіленген квота саны толық орындалып, 4 сотталғанның жұмысқа орналасуы қамтамасыз етілді. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің жауапты 2 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

   Сонымен қатар 6 сотталғанды жұмыспен қамту мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданып, 3-і қоғамдық, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылса, 19 сотталған өз-өзін жұмыспен қамтыған.

   Сондай-ақ пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған А.Кушеров әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны және сот міндеттеген талаптарды бірнеше рет бұзғаны үшін өтелмеген бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы аудандық сотқа ұсыныс беріліп, аудандық соттың 02.08.2019 жылғы қаулысымен А.Кушеровке 2 жыл, 5 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалуына қол жеткізілді.

  Пробацияның бақылауындағы сотталғандармен, жаза өтеу орындарынан босатылғандармен қайта қылмыс жасау деректеріне жол берілмеген (2018ж. 3).

  Дегенмен сотталған азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу, жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оларға түрлі көмектер көрсету бағытындағы жұмыстардың әлі де мардымсыз екені байқалуда.

   Осыған орай аудандық прокуратурамен 2019 жылдың 7-тамызында аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

    Мәжілістің күн тәртібінде: «Түзеу мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, кәсіби мамандығы жоқ сотталғандарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдем көрсету» мәселелері талқыланды .

 Құзырлы органдар арасында(прокуратура, аудан әкімдігі, аудандық полиция, аудандық пробация қызметі, кәсіпкерлік палатасы)сотталғандарды әлеуметтендіруге бағытталған «Ынтымақтастық келісім» (меморандум) бекітілді.

   Сонымен қоса есепте тұрғандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жадынама әзірленіп, заң талаптары түсіндіріліп таратылды.

    Мәжіліске – аудандық прокуратура, аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, пробация қызметі бөлімі, аудандық қоғамдық кеңес, аудандық кәсіпкерлік палатасы, аудандық аурухана, түзеу мекемелерінен босатылған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Арал ауданының прокуратурасы

 

Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті. - 295409031
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті. - 382132296
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті. - 788992195
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Сен қоғамға керексің» тақырыбында семинар кеңес өтті. - 706117296

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу