Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

12 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды  - 1498048596

    Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты алимент бойынша берешегі қалыптасқан борышкерлерді жұмыспен қамту, алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістердің орындалуын қамтамасыз ету. Жәрмеңке  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.  

   Өткізілген жәрмеңке нәтижесімен 7 борышкердің жұмыспен қамтылуына қол жеткізілді (Ж.Абайдуллаев - «Ойлгаз» ЖШС, Р.Ерімбетов - «Арен» ЖШС, М.Догаров - ЖК Аида, Д.Тажибеков - ЖК Аида, Ғ.Батырхан - жеке сот орындаушыларының өңіраралық палатасы, Ө.Асанов - «Арен» ЖШС, С.Қожахметов - ЖК Аида).

    Алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердің орындалуына қадағалау жасау қалалық прокуратураның үнемі бақылауында.

                                                                            Қызылорда қаласының прокуратурасы

 

Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды  - 304649568
Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды  - 945439926
Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды  - 354639199

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу