Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік «Жол картасы» қабылданды

19 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 680506702

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен «NurOtan» партиясы филиалы және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбында жиналыс өтті.

Бас қосуға бизнес қауымдастығының өкілдері, құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.

Жиында облыс прокуроры Нұрлан Дәуренұлы қатысушылардың назарына елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолданылып жатырған құқықтық және ұйымдастырушылық шараларына тоқталды.

2019 жылдың 8 айында кәсіпкерлік субъектілерінде жоспарлы тексерулер 761-ден 712-ге дейін азайған.

Сонымен бірге, жекелеген бақылаушы органдар заңсыз тексерулерді тағайындауға талпынуда. Осындай әрекеттер тіркеу сатысында анықталуда.

Тек осы жылы 17 кәсіпкерлік субъектілерін тексеру туралы актілерін тіркеуден бас тартылған.

Ерекше тәртіппен жүргізілген 700 тексерудің 116-да заң бұзушылықтар анықталмаған. Осылайша адал кәсіпкерлер әуреге салынған.

Жиналыс соңында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында іс-шаралары айқындалған өңірлік «Жол картасы» қабылданды.

Үшжақты келісімнің негізгі мақсаты - кәсіпкерлердің арасында кездесетін жүйелі проблемаларды анықтау, олардың шешу жолдарын ұсыну.

«Transparensy Kazakhstan» ұйымының зерттеуі бойынша Қызылорда облысында жекелеген органдар тарапынан бизнес өкілдеріне қысым көрсетілуде.

Оның ішінде полиция, салық, әкімдік, төтенше жағдайлар және тұтынушылардың құқығын қорғау органдары, кәсіпкерлерге бюджеттік кредит беретін ұйымдарда бар.

Осындай жүйелі проблемаларды шешу үшін дайындалған «Жол картасы»аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар бақылаушы органдардың қызметі талданатын болады.

Облыс прокуроры Н.Бижанов бұл жұмыстардың біржолғы акция емес, ұзақ мерзімді шара ретінде атқарылатынын және жүйелі проблемаларды талқылау үшін ай сайын облыстық прокуратурада, «Нұр Отан» партиясы филиалында немесе кәсіпкерлік палатасында жиналатындарын атап өтті.

Жұмыс нәтижелері бойынша тоқсанына бір рет қорытынды шығарылады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 745309910
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 393469964
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 1668934006
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 1163657223
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 179395687
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 1358843611
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 1339449003
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 2025862034
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өңірлік  «Жол картасы» қабылданды - 1291025929

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу