Арал прокурорлары жануарлар әлемін қорғауда

21 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының Арал аудандық прокуратурасы қоршаған ортаны, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау аясында тиімді жұмыстар атқаруда.

Бұл саладағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында аудандық прокуратура мен уәкілетті органдар нәтижелі іс-шаралар өткізіп тұрады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында балық ресурстарын заңсыз аулау деректерінің алдын алу рейді барысында Кіші Арал теңізінде азаматтар Н. Сахиев пен       Б. Бекбауловтың 126 кг. көксерке балығын заңсыз аулағандығын анықтаған.

Аталған дерек аудандық прокуратураның АЕК-не тіркеліп, қылмыстық қудалау органымен Қылмыстық кодекстің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

2019 жылғы 23 мамырдағы соттың үкімімен аталған азаматтар тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Мемлекетке келтірілген 620 392 теңге көлеміндегі залал сотталушылардан өндіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық құралы болған моторлы қайық тәркіленді.

 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу