Бақылаудағы азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстары талқыланды

06 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен түзеу мекемелерінен босатылған және Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен қайталап қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды атқару және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы қоғамға бейімдеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің, қала әкімдігінің, қалалық полиция басқармасының және қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының басшылығы қатысып, атқарылуы тиіс профилактикалық жұмыстар мен қызмет барысындағы қиыншылықтар жөнінде ұсыныс-пікірлерді талқылады.

Нәтижесінде жоғарыда көрсетілген жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында қалалық прокуратура және бірқатар уәкілетті органдардың қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылып, келесідей тапсырмалар берілді:

-        Есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларын аралап, тұрмыстық, материалдық және басқа да жағдайларын тиісінше зерделеп, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуін қамтамасыз етуді;

-        Әкімдікпен бөлінетін квота бойынша есептегі сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етуді;

-        Есептегі сотталғандарды жұмыспен қамту, жеке кәсіп ашу, қажетті медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша әрдайым «Пробация үйінде» «Ашық есік күнін» өткізу тапсырылды.

 

Қызылорда қалалық прокуратурасы

 

  Бақылаудағы азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстары талқыланды - 194294220

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу