Қызылорда облысының прокуратурасы мыңнан астам игерілмеген жер учаскелерін анықтады

01 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокуратурасы мыңнан астам игерілмеген жер учаскелерін анықтады - 1291950665

Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында прокуратура органдарымен жер заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі қаралды.

Жиында облыс прокуроры Н.Бижанов игерілмеген жер учаскелерін қайтару мен айналымға тарту, салықтың төленуі, жерге кезектілік, оны табыстау мен бөлшектеужәне қаланың Бас жоспары бойынша жер заңнамаларын бұзушылықтарды атап өтті.

Прокуратурамен 1074 игерілмеген жер учаскелері анықталған. Оның 408-і кәсіпкерлік, қалғаны ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер.

Жергілікті әкімдермен игерілгені жөнінде хабарланған жайылымдық жерге қарсы тексеруде оның 20%-дамал басы тіркелмегені анықталды.

Уәкілетті инспекциямен игерілмеген жерлерге уақтылы тексерулердің жүргізілмеуінен бірнеше жер учаскесі басқа тұлғаларға сатылып, нысаналы мақсаттары тұрғын үй салуға ауыстырылған.

Қаланың Бас жоспарының талаптары сақталмай табысталған жерлер прокурордың наразылығымен кері қайтарылды.

Отырыста Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және қалалық әкімдік басшыларының есептері тыңдалып, оларға тиісті міндеттер жүктелді.

Мәжіліс соңында облыс прокуроры Президенттің Жолдауын және жер саласындағы жүйелі заңсыздықтарды болдырмаудың іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмысшы тобын құрып, тоқсан сайын есептерін тыңдауды ұсынып, облыс әкімімен қолдау тапты.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу