Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен біріккен отырыс өтті

20 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

19.02.2013 жылы Қызылорда облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыстық білім басқармасымен біріккен отырысы өткізіліп, онда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық жағдайы және балалар арасындағы суицид мәселесі қаралды.

Отырысқа облыс прокурорының орынбасары Р.Ж.Райханов, облыс прокурорының аға көмекшісі Б.Тоқмырза, облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимов және облыс білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары А.Ш.Әлназарова мен облыстық ІІД-і бастығының орынбасары Ә.Шаймағанбетовтер шақырылды.

  Жиында облыс прокурорының аға көмекшісі Б.Тоқмырза баяндама жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 2012 жылы өсім алғандығын атап өтіп, статистикалық мәліметтерді жеткізді.

  Яғни, 242  кәмелетке толмағандардың қатысуымен 162 (145) қылмыс тіркеліп, жалпы үлес алмағы 12,7 пайызды құрап, есепті мерзіммен салыстырғанда өскен.

  Сонымен қатар, 2012 жылы суицид саны 11 болса, ағымдағы жылдың 1 ай 15 күнде суицид 6-ға жеткен.

  Жалпы талдау көрсеткендей балалардың суицидке бару себептері отбасы жағдайының тұрақсыздығы, ата-аналарының балаларына ешқандай мән бермейтіндіктері (сұхабаттаспау, әңгіме құру т.б), оқу орындарында балалармен психолиялық тұрғыда жұмыс жасалмауы, махаббат сезімі мен психикалық күйзелістердің әсерінен туындауда.

Өте алаңдатарлық қайғылы жағдайға душар болудамыз, жасөспірімдердің арасында суицидалды жағдайларды алдын-алу мақсатында жүйелі іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет деді.

Жиынға қатысқан тұлғалар баяндамалар жасап, жастар қылмысы мен жастар суициды проблемасы ортаға салынып талқыланып, олардың шешілу жолдары қаралып және алдағы уақытты атқарылатын нақты іс-шаралар белгіленді.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу