Жалағаш ауданында балалардың құқықтары қорғалды

21 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының Жалағаш аудандық прокуратурасы алименттердің өндірілуін қамтамасыз ету саласында тұрақты негізде сот орындаушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, тиісті прокурорлық қадағалау актілерін енгізіп отырады.

Мәселен, жеке сот орындаушылардың қызметін талдау барысында борышкер М. Жұмахметов 3 жылдан аса, яғни 2015 жылдан бері балаларының алдындағы 7,8 млн теңге қарызын өтемей келе жатқаны анықталған.

Сот орындаушылармен бірлесіп жасаған шаралардың нәтижесінде борышкер өз қарызын өтеу үшін Жалағаш кентінде орналасқан тұрғын үйін өндірушінің меншігіне берді.

Осылайша балалардың құқықтары қорғалып, қазіргі таңда 3 баласы мен анасы осы үйде тұрып жатыр.

 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу