«Жол мақсаты – жету» тақырыбында Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен ведомствоаралық мәжіліс өтті

27 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Жол мақсаты – жету» тақырыбында  Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  ведомствоаралық мәжіліс өтті - 823455852

Арал ауданы көлемінде ағымдағы жылдың өткен мерзімінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан ауыр зардаптарға соқтыру деректері көбейген. 

Осыған орай, аудандық прокуратурамен «Жол мақсаты – жету» тақырыбында Ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Жиынға – Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, ОІІД-нің, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның облыстық филиалы, жергілікті атқарушы, құқық қорғау, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Аудандық прокуратурамен талдау барысында жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мен болдырмау мақсатында ұйымдастырылған профилактикалық жұмыстар мардымсыз күйде қалып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 6 айы мерзімін өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 220%-ға (5-тен 16-ға) өскен, жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 80%-ға (5-тен 9-ға), жарақат алған адамдардың саны 42%-ға (17-ден 24-ке) көбейген.

Қайтыс болған адамдардың басым бөлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде жол-көлік оқиғалары салдарынан орын алған.

Соңғы жағдай, 05.07.2019ж. күні сағат 23:30 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының 1411/855 км. Арал ауданы, Шөміш елді мекенінің тұсында «Тойота камри-70» маркалы (2 адам) автокөлігімен Қызылорда қаласынан Батысқа қарай бағыт алған жолда мүйізді ірі қараға соғып, одан кейін қарама-қарсы бағыттағы «Мерседес» маркалы (5 адам) автокөлігіне соқтығысып, салдарынан 2 адам қайтыс болып, 5 адам түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға түскен.

Осы тектес проблемалық мәселе облысымыздың батыс жақ бөлігіндегі барлық аудандарында орын алуда.

Аталған жол-көлік оқиғаларының бірден бір себебі - халықаралық деңгейдегі дәліздің Қызылорда қаласынан бастап Ақтөбе облысына дейінгі аумағындағы жолдың тар (екі жолақты) болуы, екі жақтан да темір қоршаудың болмауы. Мал иелерінің өздерінің үй жануарларына дұрыс қарамауы, пада ұйымдастырып бақташы арқылы бақтырмауы, әр бір малдын мойындарына, аяқтарына сәуле шағылыстырғыш ленталармен қамтамасыз етілмеуі салдарынан осындай түрлі ауыр зардаптарға соқтыруда.

«Қазавтожол» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес «Батыс Европа- Батыс Қытай» халықаралық автомобиль тас жолынан тәулігіне 3 мыңға жуық автокөлік өтеді, оның 2 мыңға жуығы жүк көліктері, 700-ден астамы жеңіл көліктер, 80-нен астамы әр түрлі автобустар.

Арал ауданы аумағынан өтетін халықаралық тас жолдың бойында 9 елді мекен орналасқан, онда 59 мыңға жуық адам тұрады.

2019 жылғы мәлімет бойынша осы елді мекендерде 65 мыңнан астам әртүрлі малдар тіркеліп, оның не бәрі 2 мыңнан астамы немесе 3,4 пайызы ғана сәуле шағылыстырғыш ленталармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, аудан көлемінде бұрын сот қаулысымен көлік құралын масаң күйінде жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған, кейін қайтадан масаң күйде құжатсыз көлік құралын басқарғаны үшін 5 адам қылмыстық теріс қылыққа тартылса, өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда  150%-ға өскен (2).

Арал аудандық прокуратурасы

 

«Жол мақсаты – жету» тақырыбында  Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  ведомствоаралық мәжіліс өтті - 31770665
«Жол мақсаты – жету» тақырыбында  Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  ведомствоаралық мәжіліс өтті - 2079867989
«Жол мақсаты – жету» тақырыбында  Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  ведомствоаралық мәжіліс өтті - 2065462424

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу