Талдау нәтижесімен айыппұл салынды

30 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Талдау нәтижесімен айыппұл салынды - 1469731921

Жаңақорған аудандық прокуратурасымен су және газбен жабдықтау, сондай-ақ телекоммуникация саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жасалды. Талдау барысында «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-мен заң талаптарының бұзылуы, яғни тарифтік сметадағы шығындар баптарының орындалмау деректері анықталды. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен серіктестіктің сарқынды суларды бұру қызметіне орташа тариф – 76,34 теңге болып бекітілген.

 Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді. Серіктестікпен көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы – 5 094 мың ((138,24-71508)*76,34) теңге.

Ал, бекітілген тарифтік смета бойынша 10 553 мың теңге болса, оның орындалғаны 4 174 мың теңге. Яғни, бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасы – 6 374,0 мың теңге.

Осыған байланысты, Департаментке негізсіз кірістің қалған сомасына уақытша өтемдік тариф енгізу жөнінде және Серіктестің әкімшілік жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыну енгізілді. Ұсынудың қаралу нәтижесімен тариф – 65,30 теңгеге (11,04 теңгеге кем) төмендетіліп, серіктестікке ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен 139 944 теңге айыппұл салынды. 

Жаңақорған аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу