Жалға берілген пәтерлер кері қайтарылды

07 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жалға берілген пәтерлер кері қайтарылды - 433259636

Сырдария аудандық прокуратурасымен коммуналдық меншіктегі объектілерді (тұрғын үйлер) тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Жалға берілген нысандар бойынша тиісті төлемдер бюджетке уақытылы және толық түспеген. 

Тереңөзек кенті бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы 48 тұрғын үй азаматтарға тұрғын үйді жалдау шарты негізінде жалға берілген.

Бүгінгі күнге 36 азаматқа жалға берілген тұрғын үйлерді пайдаланудан барлығы 2 990 625 теңге қарыздың қалыптасқаны анықталды.

Жалға беруші «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен жалға алушылар арасында жалдау шарттары бар. Оған сәйкес  төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептелетіні айқындалған.

Сонымен қатар шарттың 7-тармағының талаптарына сәйкес, бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда жалға беруші соттың шығындарының орнын толтыра отырып жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Дегенмен жоғарыда аталған 49 жалға алушының 5-і мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны үшін шарт құрылған күннен бері төлемеген.

Осы кезекте Сырдария аудандық прокуратурасымен Сырдария кент әкімдігіне ұсыну жолдау нәтижесінде, бүгінгі күнге, 3 пәтер пайдаланушыдан 315,0 мың теңге көлемінде қарыз кент әкімі аппаратының есепшотына аударылса, 16 пәтер пайдаланушыға қатысты құжат жеке нотариус арқылы сотқа жолданды.

Сонымен қатар мүлдем төлемақы жүргізбеген және пәтерлерін басқа, яғни үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға берген азматтардан пәтерлерді кері қайтару жөнінде аудандық тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылып, нәтижесінде аталмыш комиссия тарапынан 5 пәтерді кері қайтару жөнінде шешім қабылданды. 

Сырдария аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу