Алаяқтыққа жол берген қылмыстық топқа сот үкімі шықты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар Басқармасы «Альянс Банк» АҚ-ның 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында алаяқтық жолмен несие рәсімдеушілерге қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдануын қамтамасыз еткен болатын. Нәтижесінде, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кінәлі тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Нақтыласақ, банктің лауазымды тұлғасы банкпен ұйымдастырылған «бір құжат» науқанын заңсыз мүліктік және қаржылай пайда алуға бағытталған пайдақорлық ниетін қанағаттандыруға пайдалануға болатынын сезініп-біліп, өз қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып (бұдан әрі ҰҚТ), оны басқарады. Құрамына жеңіл табыс табуға бейім тұлғаларды тартып, науқан аясында несие алушы үміткерлердің сеніміне кіріп, бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде, ұйымдасқан топпен алаяқтық жасау арқылы алу туралы қылмыстық ойға келіп, оны жүзеге асыруды жоспарлаған.

Ұйымдастырушының қылмыстық ойы мен жоспарына сәйкес, қылмыстық топтың құрамындағылар, яғни жеңіл табыс табуға бейім тұлғалар науқан аясында несие алушы үміткерлер арасынан алаяқтық құрбандарын іздеп-тауып, оларға заңсыз құжаттар дайындап, несие алуға ықпал жасайды және «банк қызметі үшін» деген желеумен алаяқтықпен несиеден 20 пайыздық үлес алып, өзара бөлінуіне жағдай жасайды.

Нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінен 2013 жылдың наурыз-шілде айларының аралығында «Альянс банк» АҚ-ның Қызылорда филиалынан «бір құжат» науқаны негізінде тұтыну несиесін алған 40 жеке тұлғаның сеніміне кіріп, осы тұлғалармен алынған жалпы 101 235 809 теңге көлеміндегі несиенің 22 пайызын, яғни 22 248 151 теңге аса ірі көлеміндегі ақша қаражатын өздері иемденіп, бірнеше рет алаяқтыққа жол берген.

Тергеу тобымен жүргізілген жан-жақты және объективті тергеу нәтижесінде айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелейтін дәлелдемелер толығымен жинақталып, қылмыстық іс 08.07.2014 жылы айыптау қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Ағымдағы жылдың 24 қазанындағы сот үкімімен топ ұйымдастырушылары 8 жылға, өзге де кінәлі тұлғаларға түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Сот үкімі күшіне енген жоқ. 

 

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі