Қызылорда облыстық прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

25 июня 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қызылорда облыстық прокуратурасында өткен Үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды.

Облыс прокурорының төрағалығымен өткен шараға жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша баяндамашы, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар әсіресе құрылыс саласында және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында жиі кездесетіндігін мәлімдеді.

Мәселен, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс 17%-ға көбейген ( 72-ден 84-ке).

Осыған орай облыс прокуроры Нұрлан Бижанов халық арасында сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіз көзқарасты қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіздігіне жауапты органдардың назарын аударып, сыбайластыққа қатыстылығы анықталған қызметкерлердің бірінші басшыларының да жауапқа тартылатынын атап өтті.

Бұған қоса сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық деректері үшін жергілікті атқарушы органдардың көптеген қыметкерлері жауапқа тартылуына орай ведомствомен арнайы ұсыныс әзірленіп жатқаны да айтылды.

Жазғы маусым уақытында су айдындарындағы қауіпсіздік жағдайын талқылау барысында бұл мәселенің маңыздылығы мен қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытындағы жауапты органдармен атқырылып жатқан шаралар баяндалды.

Мәселен, адамдардың суға кету көрсеткіші бойынша біздің облыс 2017 жылы 7-ші, ал 2018 жылы 6-шы орында болса, ағымдағы жылы Республика бойынша көшбасшылардың қатарында. Жыл басынан бері 11 суға кеткен.

Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі ретінде су жағалауындағы демалыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органдар жұмысының жеткіліксіздігі мен жағажайлардың қызметіне бақылаудың жоқтығы атап өтілді.

         Жағажайлардың жоқтығынан азаматтар арнайы белгіленбеген орындарға барып суға түсуге мәжбүр етеді, ал құтқару техникасының 60% тозығы жетуі адамдардың өмірін құтқаруда қиыншылықтарды туғызатыны атап өтілді.

Қордаланған мәселелерді шешу мақсатында жауапты органдарға су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірлеу, адамдардың демалуына тиісті жағдайы жасалған орындарын дайындау, құтқару қызметтерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету және су пайдалану ережелерін бекіту тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсынымдар беріліп, орындалуы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий