Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің алғышарты

06 августа 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің  алғышарты - 1238397439

Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік айыпты қолдау сапасын арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Кеңес тақырыбын таңдауға ҚР Бас Прокурорының жанында 2018 жыл қорытындысымен өткен алқа мәжілісінде 2019 жылды -  «Мемлекеттік айыптаушылар жылы» деп жариялануы негізге алынған.

Тәжірибеде жиі орын алатын кемшіліктерді, олардың болу себептері мен жою жолдарын талқылау және бүгінгі күні сотта мемлекеттік айыпты қолдау саласына қатысты заңнамадағы өзгерістерді оқытып үйрету прокуратура органдарындағы жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың таптырмас құралы болып табылатыны сөзсіз.

Бұл ретте, кеңес жұмысын облыс прокурорының міндетін атқарушы Т.Әлібаев ашып, семинар-кеңесті еркін пікірталас тәртібінде өткізуді ұсынып, сот-тергеу тәжірибесіндегі жаңалықтарға тоқталды.

Бұдан әрі, сөз алған прокуратура органдарының ардагері, білікті әрі тәжірибелі мемлекеттік айыптаушы Х.Тарбахов мемлекеттік айыпты сапалы қолдаудың тәжірибемен сыналған тәсілдеріне тоқталып, қызмет атқару барысында кездескен қызықты оқиғаларын жас мамандармен бөлісті.

Облыстық прокуратураның басқарма бастығы Ж.Жусупов әртүрлі қылмыстар санатына қарай сот жарыссөздерін әзірлеу тәртібіне түсіндірме берсе, Қызылорда қаласы сотының судьясы К.Кусекеев тәжірибеде мемлекеттік айыптаушылардың тарапынан орын алатын кемшіліктерге тоқталды.

Кеңес соңында сөз алған қала прокурорының орынбасары Б.Нұрмағанбетов қызмет атқару барысындағы кемшіліктердің барлығы мемлекеттік айыптушылардың басым бөлігінің тәжірибесіздігімен (80%-ы еңбек өтілі 2 жылға толмаған жас мамандар) түсіндірілетінін жариялап, прокуратура органдарындағы жас мамандарға тәжірибелік көмек көрсету және біліктілігін арттыру мақсатында әзірленген «Мемлекеттік айыпты сапалы қолдаудың негізгі 5 қадамы» тақырыбындағы әдістемелік құралмен таныстырды.

Семинар барысын қатысушылардың қызу пікірталас алаңына айналдырып, жас мамандардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына дәйекті жауап алуы іс-шараның өзектілігін айғақтай түсті. 

Кеңес жұмысын облыс прокурорының орынбасары Т.Әлібаев қорытындылап, әдістемелік құралды жас мамандарға өз қолымен табыстады.

 

Қызылорда қаласының прокуратурасы

 

Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің  алғышарты - 417545959
Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің  алғышарты - 561026457
Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің  алғышарты - 1072147547
Сапалы мемлекеттік айыптау – әділетті сот шешімінің  алғышарты - 1403028985

Комментарии

Добавить комментарий