Қызылорда облысы прокуратурасында ҚР Конституциясы күні аталып өтті

30 августа 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысы прокуратурасында ҚР Конституциясы күні аталып өтті - 323645647

       Қызылорда облысы прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара облыс прокуратурасының басшылығының қатысуымен өтті.

       Конституция – еліміздің тұтастығының, қоғамдық және рухани келісімнің, бірлігі жарасқан ынтымағымыздың  негізгі кепілі. Ата заңымыздың қабылдануына бірауыздан дауыс берген халқымыздың зор сенімінің белгісі. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы.  

      Еліміздің мерейлі мерекесі, оның тарихы мен құндылықтары жөнінде облыс прокуратурасының Аппарат басшысы М. Маханбетжанов арнайы баяндама жасады. «Мемлекетіміздің және қоғамдық жүйенің алтын діңгегі Конституциямыз қабылданғалы бері Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде өзінің беделін бүкіл әлемге таныта білді. Биыл еліміздің негізгі заңының қабылданғанына 24 жыл.  Ата Заңның қағидалары өткен жылдар бойы елдің алға қарай дамуының басты бағдары болып тұрды. Конституция – барлық заңдардың бастауы, ел еркіндігінің кепілі, халқымыздың бүгіні мен болашағы!» деген Аппарат басшысы ел үшін негізгі құжаттың салмақты тұстарын саралап өтті.

    Мерекелік шарада прокуратура органдарының бірқатар қызметкері облыс прокурорының және аймақ басшысының «Алғыс хатымен» марапатталып, облыстық прокуратураның әкімшілік мемлекеттік қызметкері Ғ. Ұзақбаев Ант берді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қызылорда облысы прокуратурасында ҚР Конституциясы күні аталып өтті - 1990251474
Қызылорда облысы прокуратурасында ҚР Конституциясы күні аталып өтті - 1271228852
Қызылорда облысы прокуратурасында ҚР Конституциясы күні аталып өтті - 969001407

Комментарии

Добавить комментарий