Алимент парыз емес - қарыз

30 сентября 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент парыз емес - қарыз - 1772746474

Бүгінгі күні кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде, алименттің толық және уақытылы төленуін қамтамасыз ету қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі ретінде танылуда.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен алимент өндіру бағытында іс-қимыл Жоспары бекітілді.

Арал ауданы көлемінде алимент өндіру санатында 656 балаға қатысты 524 атқарушылық құжат орындалуда.

Алимент өндіру бойынша жалпы берешек қарыз 53 млн. теңгеге қалыптасқан.

Қазіргі таңда, 342 атқарушылық құжат мерзімді және ішінара орындалуда, 34 қасақана жалтарып жүргендер, оның ішінде, 22-не іздеу жарияланса, 38 қиындық туғызатын борышкерлер. Әкімшілік жауапкершілікке 24 борышкер тартылған.

Бұл ретте, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жұмыс жасайтын аталған санаттағы борышкерлер мен жұмыс берушілердің қолданыстағы заңнамаларда көзделген міндеттері мен құзырлары айқындалған.

Осыған орай, аудандық прокуратурамен 2019 жылдың 27-ші қыркүйек сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алимент парыз емес – қарыз» тақырыбында Ведомствоаралық мәжіліс өткізу жоспарланды.

Мәжілістің күн тәртібіне: «2019 жылдың 9 айында алимент қарыздарын өндіру бағытында атқарылған жұмыстардың жай-күйі».

Мәжіліске – жергілікті атқарушы, құқық қорғау, сот орындаушылар, уәкілетті мемлекеттік органдар, ірі кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдар өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Сондай-ақ, сол күні сағат 10.00-де қалалық мәдениет үйінде жұмыссыз борышкерлерге «бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жұмысқа орналастырылатын болады.

Бұған қоса, аудандық сотта есепті мерзімде неке бұзу санатында 73 азаматтық іс қаралып, шешім қабылданса, оның 33-і медиаторлардың араласуымен тараптар бітімге келіп, іс жүргізу тоқтатылған.

Тағы бір мысал, аудандық прокуратураның және кәсіпқой медиатор Ә.Жалғасбаевтың араласуымен борышкер Т.Урдабаевтан өндіріп алушы С.Ахметованың пайдасына алимент өндіру туралы атқарушылық құжат бойынша қалыптасқан қарыз борышкердің өзінің атындағы пәтерін 1 млн. теңгеге сатып, берешек қарызы толықтай өтелуіне қол жеткізілген.

Осы ретте, ауданымызда ерлі-зайыптыларды қайта қосу, отбасын құру және алимент қарызы есебінен борышкердің мүлкі есебінен өндіру бағытында кәсіпқой медиаторлардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда.

Алименттің толық және уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі іс-шаралар ұсынылады:

  • Мешіт имамдарымен жұма намаздарда, ас-садақаларда, неке қию барысында баланы асырап-бағу міндеті, отбасылық құндылықтары туралы уағыздарды жиі айту шараларын ұйымдастыруды;
  • Борышкерлер мен өндіріп алушылар арасында медиация институтын кеңінен қолдануды;
  • Білім беру мекемелері қызметкерлерімен (балабақша, мектеп, колледж) қолайсыз отбасылар бойынша мониторинг жүргізіп, ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, алимент ала-алмай жүргендердің тізімін жасақтауды;
  • Қарызы көп қалыптасқан борышкерлердің авкөліктерін жүргізу куәліктеріне, дүние мүлктеріне уақытша тыйым салуды; 
  • Қасақана жалтарып жүрген борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартуды;
  • Жұмыс берушілермен атқарушылық құжатқа сәйкес аударымдар жөніндегі мәліметтерді уақытылы сот орындаушыларға жолдауды;

        

Арал аудандық прокуратурасы

 

Алимент парыз емес - қарыз - 726959583
Алимент парыз емес - қарыз - 213833725
Алимент парыз емес - қарыз - 1959304260
Алимент парыз емес - қарыз - 254299157

Комментарии

Добавить комментарий