Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді

01 октября 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 378783222

«Халықаралық қарттар күніне» орай Қызылорда облысы прокуратурасында ардагерлерге құрмет көрсетілді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылдан бастап 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады.

Ұйымға мүше барлық елде бұл күні қарттарға ерекше құрмет көрсетіліп, әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Осының аясында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары М.Ахметжанов және ҚР прокуратура органдарының Ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлжан Қарақұлова аймақтармен тікелей телебайланысқа шығып, республика көлеміндегі барлық ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, амандық тіледі.

Кездесу барысында Қызылорда облысы прокуратурасының басшылық құрамы да ардагерлермен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын шаруаларды талқылады. Сонымен қатар Қызылорда облысы прокуратурасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады.

Кездесу соңында ардагерлер өз тарапынан облыстық прокуратура ұжымына алғыс білдіріп, барлық уақытта ақыл-кеңестерін айтып тәжірибелерімен бөлісуге әркез дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп қарттарын қадірлей білген ел.

Бұл тұрғыда прокуратура органдары да ардагерлерін әрқашан назардан тыс қалдырмай, құрмет көрсетіп келеді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1757843651
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1509863536
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1470508291
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1425156595
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 767760923
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 616784706
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1722569993
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 1173853222
Қызылорда облысы прокуратурасында қарттарға құрмет көрсетілді - 314467383

Комментарии

Добавить комментарий